“Жасың өтіп кетті деді”: Назым Қызайбай жанкүйерлеріне бар сырын ақтарды
Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Назым Қызайбай жанкүйерлеріне әсерлі жазба арнады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Даңқты боксшы 2024 жылы Париж Олимпиадасында жеңіп алған қола жүлденің оңай келмегенін айтып, сол жолда көптеген кедергілер мен сынақтардан өткенін жеткізді.
Оның айтуынша, тіпті "жасың өтіп кетті" деп күмән келтіргендер де болған.
Сондай-ақ спортшы өзгелердің сөзіне ермей, арман мен мақсаттан бас тартпауға шақырды.
Айта кетейік, Назым Қызайбай – Қазақстан бокс тарихындағы тұңғыш 3 дүркін әлем чемпионы. 2024 жылғы Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері. Жақында Ливерпульде өткен әлем чемпионатында Назым финалға жолдама алған еді. 48 келінің ақтық сында ол үндістандық Минакшимен қолғап түйістірді. Алайда үш раундтың нәтижесі бойынша төрешілер шешімімен Минакши жеңіске жетті. Ал Назым Қызайбай күміс жүлдегер атанды. Осылайша оның қоржыны Әлем чемпионатының барлық жүлде қорымен толықты.







