Қазақстандық шорт-трекшілер Азия ойындарының финалына шықты

2 655

Фото: Астана әкімдігіҚазақстан құрамасы шорт-тректен 2025 жылғы Азия ойындарында аралас командалық эстафетада финалға шықты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Ширек финалда Абзал Әжғалиев, Ольга Тихонова, Малика Ермек және Мерсаид Жақсыбаев өз жарысында бірінші нәтиже көрсетіп, Жапония мен Тайбэйден озып кетті. Осылайша команда жартылай финалға жолдама алды.

Жартылай финалда Денис Никиша, Әділ Ғалиахметов, Яна Хан және Алина Әжғалиева өнер көрсетті. Жарыста қазақстандықтар екінші болып мәре сызығын кесіп, Харбинде өтетін финалға жолдама алды.