Қазақстан чемпионатында үстел теннисінен үздіктер анықталды
Алматыда үстел теннисінен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі kaz.kazlenta.kz сайтына сілтеме жасап.
Жарыс қорытындысы бойынша алматылық спортшылар жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, бірқатар жүлделі орынға ие болған. Спорт басқармасының мәліметінше, ерлер арасындағы командалық есепте бірінші орын басты жетістік болды. Құрама сапында Айдос Кенжігұлов, Дастан Кенжеғұлов, Санжар Жұбанов, Абдулла Мамай және Нұрдәулет Нұғай өнер көрсеткен.
Әйелдер құрамасы командалық жарыста екінші орын иеленді. Команда сапында Анель Бақыт, Сарвиноз Миркадирова, Екатерина Пюрке және Гузель Торшаева бақ сынады. Спортшылар жекелей, жұптық және аралас разрядтарда да жоғары нәтижелерге қол жеткізді:
- Санжар Жұбанов - екінші орын;
- Айдос Кенжеғұлов - үшінші орын;
- Анель Бақыт - жұптық разрядта бірінші, жекелей сында үшінші орын;- Сарвиноз Миркадирова - жекелей, жұптық және аралас разрядтарда үшінші орын;
- Айдос Кенжеғұлов пен Дастан Кенжеғұлов - жұптық разрядта екінші орын.
Басқарма өкілдерінің айтуынша, бұл нәтижелер үстел теннисінің жоғары деңгейде дамып келе жатқанын және спортшылардың жүйелі дайындығын айқындайды. Құрама мүшелері республикалық аренада жоғары нәтижелер көрсетуді жалғастырып келеді.







