Қазақстандық боксшы қыздар жартылай финалға шықты

523
Иорданияның Амман қаласында бокстан жасөспірімдер арасындағы Азия біріншілігінді қазақстандық боксшы қыздар ақтық сынға жолдама алды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.  

ҚР Ұлттық олимпиада комитеті хабарлағандай, 46 келідегі Диана Елеусіз өзбекстандық Жасми Тохировадан, 48 келідегі Гаухар Зарден үндістандық қарсыласынан жеңілді. 52 келідегі Шахназ Тайыржанова мен 54 келідегі Айша Сариева да үнді спортшыларына есе жіберді. 57 келідегі Анар Сәлімбай иорданиялық Ая Сувиндехтке 2:3 есебімен жол берді.

Ауыр салмақтағы Аружан Зейноллаева өзбек қыз Собирахан Шахобидиновадан жеңілген. Ал 50 келідегі Карина Тоқыбай, 60 келідегі Ұлдана Тубай, 63 келідегі Нұрсулу Сүйенәлі, 66 келідегі Аружан Жанғабаевалар жартылай финал кездесулерінде жеңіске жетті.

Сондай-ақ, 80 келідегі Құралай Егінбайқызы өзбекстандық Рукшон Парпиеваны 5:0 есебімен ұтты. Осылайша, 5 боксшы қызымыз Азия чемпионатының финалында жұдырықтасады.