Жас спортшылар таэквондодан әлем чемпионатында 6 медаль қоржынға салды
Кадеттер арасында таэквондодан әлем чемпионатының екінші күнінің қорытындысы бойынша қазақстандық спортшылар 2 алтын, 3 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Босния мен Герцеговинаның астанасы Сараево қаласында кадеттер арасында таэквондодан әлем чемпионаты өтіп жатыр.
Екінші жарыс күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан командасы 6 медаль жеңіп алды: 2 алтын, 3 күміс және 1 қола. Бауыржан Исамедин (категориясы 164 см-ге дейін) және Таисия Боровикова (164 см) алтын медаль алды.
Күміс жүлдегерлер – Нұрперзент Саматұлы (160 см), Назерке Жаңаберген (144 см) және Әділет Шері (156 см).
Қола жүлдені Дінмұхамед Толыбай (152 см) жеңіп алды. Әлем чемпионаты 31 тамызда аяқталады.
«Жеткіншіктерімізді әлемдік біріншілікте табысты өнер көрсетуімен құттықтаймын, бұл – өте жақсы нәтиже. Спортшыларды даярлаумен айналысқан жаттықтырушылардың жұмысын ерекше атап өткім келеді, алдағы жарыс күндерінде де еліміздің құрамасына сәттілік тілеймін», - деп атап өтті МСМ Спорт комитетінің төрағасы Ербол Мырзабосынов.