Арман Оспановтың келесі қарсыласы анықталды

442
Аралас жекпе-жектен Eagle FC лигасы 28 қаңтарда Майамиде (Флорида, АҚШ) өтетін EFC 44 турниріне екі жекпе-жек қосты, оның біріне қазақстандық файтер Арман Оспанов (11-4) қатысады, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Prosports.kz сайтына сілтеме жасап.
Оспановтың қарсыласы кикбоксингте Гига Чикадзені жеңіп шыққан әйгілі француздық Дилан Сальвадор (4-1) болмақ. Жекпе-жек елорда уақыты бойынша 29 қаңтар күні таңертең өтеді. 
Арман Оспанов осыған дейінгі жекпе-жегін маусым айында Нью-Джерсиде (АҚШ) PFL 4 турнирінде өткізіп, америкалық Крис Уэйдті (20-7) екінші раундта нокаутқа түскен болатын. Желтоқсан айында Оспанов Дамир Исмағұловпен (23-1) грэпплинг ережесі бойынша жекпе-жек өткізіп, төрешілердің шешімімен одан жеңіліп қалды.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.