«Qyzyljar» ФК-на бюджеттен 5,5 млрд теңге бөлінді
Жекеге өткен «Qyzyljar» ФК үш жылда бюджеттен 5,5 млрд теңгеге қаржыландырылады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Солтүстік Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше, Мемлекет басшысының футбол клубтарын жекешелендіру жөніндегі тапсырмасын іске асыру аясында «Qyzyljar» футбол клубының жекеменшік инвесторы ретінде Rare Metals Kazakhstan компаниясының өкілі, кәсіпкер Сергей Кан анықталған.
Инвестордың бастамасымен жаңа заңды тұлға — «Qyzyljar» футбол клубы» жеке мекемесі тіркелді. Бұған дейін жұмыс істеп келген «Кызыл-Жар СК» ЖШС мен жаңа жеке мекеме арасында барлық қажетті келісімдерге қол қойылған.
Мәселен, 2026 жылы клубқа 2 млрд теңге бөлу көзделіп отыр, оның 1,4 млрд теңгесі негізгі командаға, 559 млн теңгесі балалар футболына бағытталады. 2027 жылы жалпы қаржы көлемі 1,8 млрд теңге болса, ал 2028 жылы 1,7 млрд теңге бөлінбек. Бұл қаржының басым бөлігі негізгі команда мен жасөспірімдер футболын дамытуға жұмсалмақ.







