"Боксшылар алтынсыз қалды"...

287
Бокстан 52 келі салмақта Қазақстан намысын қорғаған Сәкен Бибосынов Токио Олимпиадасының қола жүлдегері атанды деп хабарлайды Olympic.kz. 

Аталған салмақ дәрежесіндегі жартылай финалдық жекпе-жекте Сәкен Бибосынов Ұлыбритания өкілі Джалал Яфаимен кездескен болатын. Тартысты жекпе-жектің алғашқы раундында қарсыластың екпіні қатты болып, Сәкен нокдаун алып қалды. Тап осы сәт бүкіл кездесудің тағдырын шешкені рас. Себебі, қалған екі раундта Бибосынов қаншама соққысын дарытып, алға ұмтылғанымен, төрешілердің түпкі нәтижесінде Яфаи жеңімпаз атанды. Кездесу соңында Сәкен Бибосынов көз жасын жасыра алған жоқ. Себебі, ол финалға шығады деп үміт артқан Қазақстан командасындағы соңғы боксшы еді. Токио Олимпиадасының жартылай финалына Қазақстан сапынан екі боксшы ғана жетті. Кеше Қамшыбек Қоңқабаев америкалық қарсыласына есе жіберіп, қола жүлде иеленген. Бүгін Сәкен Бибосынов та жеңісті тартып ала алмады.