Олимпиада-2020: Каратэші Мөлдір Жаңбырбай әлем чемпионатының қола жүлдегерінен жеңілді

354
Токио Олимпиадасын жеңіспен бастаған қазақстандық каратэші Мөлдір Жаңбырбай екінші кездесуде әлем чемпионатының қола жүлдегерінен жеңілді.

Әйелдер арасында 55 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғайтын Мөлдір Жаңбырбай В тобында өнер көрсетіп жатыр.

 
Отандасымыз бірінші кездесуде мысырлық Радва Сайедті 7:2 есебімен жеңген болатын. Алайда екінші кездесуде ол 2018 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері австриялық Беттина Планкке есе жіберді.
 
Енді Мөлдір келесі кездесуін украиналық Анжелика Терлюга қарсы өткізеді.

 Айта кетейік, каратэден сынға түсіп жатқан тағы бір отандасымыз Дархан Асаділов 67 келіге дейінгі салмақта жартылай финалға шықты. Ол алдымен түркиялық Салман Эраиді 6:2 есебімен, кейін әзірбайжандық Фирдовси Фарзалиевті 6:2 есебімен жеңді.

А тобындағы үшінші кездесуде Асаділов жапониялық Наото Сагоны 3:0 есебімен жеңсе, соңғы кездесуде мысырлық Әли Әл-Савиден айласын асырды. Осылайша, барлық қарсыластарынан басым түскен Дархан Асаділов өз тобында бірінші болды.  Енді жартылай финалда Дархан "В" тобының көшбасшысы, франциялық Стивен да Костамен кездеседі. 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.