Санжар Тәшкенбай "Странджа кубогінде" қарсыласын оңай ұтты

2 526

www.instagram.com/tashkenbay_sanzharБокстан әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай "Странджа кубогіндегі" алғашқы жекпе-жегінде қарсыласын айқын басымдықпен ұтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Кіші әлем чемпионатына теңелетін Болгариядағы турнирде Санжар Тәшкенбай қырғызстандық Бекзат Ергешовты 5:0 есебімен ұтты. Алғашқы раундтан бастап басымдыққа ие болған боксшымыз қарсыласынан бір бас жоғары екенін көрсетті.

51 келіде өнер сынға түскен спортшы екінші айналымда маңғолиялық Ган-Ерден Ганхпен жұдырықтасады. 

Айта кетейік, бұған дейін 6 боксшымыз Болгариядағы турнирдің алғашқы айналымынан сүрінбей өткен болатын.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.