Азия чемпионатында Рината Сұлтанова жүлдегер атанды

351

Фото: Prosports.kz.Азия чемпионатында Рината Сұлтанова велоспорттан жүлдегер атанды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.   

Байрақты бәсеке Үндістанның Нью-Дели қаласында өтіп жатыр. Жерлесіміз іріктеу сындарынан сүрінбей өтіп, шешуші бәсекеде үшінші орынға тұрақтады. Осының арқасында Рината әлемдік рейтингтің алдыңғы ондығына кіре алады. 


Сәйкесінше, алдағы Париж олимпиадасына жолдама алу мүмкіндігі жоғарылады деген сөз. Бұған қоса, ұлттық құрама қоржынында тағы 2 күміс бар. Оны Елизавета Гринберг пен Артем Захаров жеңіп алды. Ал велотректің «гит» түрінде қазақстандық Кирилл Курдиди алдына жан салмады. Ол мың метр аралықты 1 минут 2 секундта бағындырды. 


Сонымен үшінші жарыс күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы бас-аяғы 8 медаль жеңіп алды. Құрлықтық дода маусымның 23-іне дейін жалғасады.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.