Жансая Әбдімәлік Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында қола медаль алды
Танымал қазақстандық шахматшы Жансая Әбдімәлік 2022 жылғы Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында алғашқы тақталар арасында қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
Бірінші тақтада команданың ең мықты ойыншылары ойнайды. Тағы бір қазақстандық Бибісара Асаубаева екінші тақта арасында төртінші болды.
Әйелдер құрамасы:
Жансая Әбдімәлік (22 жаста) — бірінші тақта, 3-орын;
Бибісара Асаубаева (18 жаста) — екінші тақта, 4-орын;
Ксения Балабаева (17 жаста) — үшінші тақта, 16-орын;
Гүлісхан Нахбаева (31 жаста) — төртінші тақта, 11-орын;
Назерке Нұрғали (18 жаста) — бесінші тақта, 8 ойыннан аз ойнады.
Ерлер құрамасы:
Ринат Жұмабаев (33 жаста) — бірінші тақта, топ-20-ға кіре алмады;
Әлішер Сүлейменов (22 жаста) — екінші тақта, 13-орын;
Мұртас Қажығалеев (49 жаста) — үшінші тақта, 8 ойыннан аз ойнады;
Арыстанбек Оразаев (24 жаста) — төртінші тақта, 18-орын;
Қазыбек Нөгербек (18 жаста) — бесінші тақта, 19-орын.
Бұған дейін хабарланғандай, ҚР әйелдер құрамасы 17 матчтық ұпай жинады (8 жеңіс, 1 тең ойын, 2 жеңіліс).
Халықаралық рейтингке сәйкес әйелдер құрамасы Олимпиаданың бастапқы тізімінде 10-шы орынды иеленіп, қорытынды нәтижеде 5-ші орынды алды. Олимпиададағы біздің шахматшыларымыз – орта жастағы ең жас командалардың бірі.