Ақмарал Науатбек дзюдодан Париж Паралимпиадасының чемпионы атанды

2 133

Пара дзюдодан 48 келі салмақ дәрежесінде сайысқа түскен отандасымыз Ақмарал Науатбек Париж Паралимпиадасының чемпионы атанды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Ақмарал Науатбек финалдық бәсекеде франциялық спортшы Сандрина Мартинеден басым түсіп, алтын жүлдені иеленді. 


Ақмарал жартылай финалында түркиялық Джахиде Екені, ширек финалда үндістандық Кокиланы иппонмен жеңген еді. 


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмарал Науатбекті жеңісімен құттықтап, жазба жариялады. 


“Ақмарал Науатбекті Паралимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алуымен құттықтаймын! Сіз ел мерейін асырып, спорт жанкүйерлеріне зор қуаныш сыйладыңыз. Қажырлы еңбек пен қайтпас қайсарлықтың арқасында ең мықты қарсыластарыңыздан басым түстіңіз. Жеңісті күндеріңіз көп болсын!” – деді президент әлеуметтік желідегі парақшасында.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.