Странджа турнирі: 26 ақпанда ел намысын қорғайтын боксшылар

2 511

Фото: kfb.kzБолгария астанасы София қаласында өтіп жатқан халықаралық «Странджа кубогы» турнирінің төртінші жарыс күні, 26 ақпанда ел құрамасынан 19 боксшы шаршы алаңға шығады, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

23 -ші ақпан мен 2 -ші наурыз аралығында өтетін турнирге 36 елден 300-ден астам боксшы қатысатыны анықталды. Қатысушылар арасында Болгариядан бөлек Қазақстан, Өзбекстан, АҚШ, Куба, Әзербайжан, Бразилия, Украина, Моңғолия, Англия, Түркіменстан, Қытай Тайпейі және басқа мемлекеттердің спортшылары бар. Осы күні еліміздің әйелдер құрамасынан 15 былғары қолғап шебері ширек финалда өнер көрсетсе, ерлер арасында 65 және 70 келі салмақтағы боксшылар өзара мықтыны анықтамақ.

Күндізгі сессия

1-жұп. 48 келі. А рингі. Айгерім Сәттібаева — Ханна Охота (Украина)

2-жұп. 48 келі. А рингі. Әнел Құдайберген — Сабина Бобокулова (Өзбекстан)

4-жұп. 54 келі. В рингі. Әнел Сақыш — Ана Ливия Висенте Линхарес (Бразилия)

5-жұп. 54 келі. А рингі. Жайна Шекербекова- Йоселин Перез (АҚШ)

5-жұп. 54 келі. В рингі.Элина Базарова — Айшен Ташкын (Түркия)

9-жұп. 70 келі. В рингі. Фарух Тоқтасынов- Байрамдурды Нұрмұхаммедов (Түрікменстан)

12-жұп. 65 келі. А рингі. Илья Калинин — Юри Фалькао Рейс (Бразилия)

13-жұп. 70 келі. В рингі. Мұхаммедсабыр Базарбайұлы -Джон Макконелл (Германия)

14-жұп. 65 келі. А рингі. Ертуған Зейнуллинов — Маркус Лузер (АҚШ)



Кешкі сессия



1-жұп. 57 келі. А рингі. Ұлжан Сәрсенбек — Алиса Мендоза (АҚШ)

3-жұп. 60 келі. А рингі. Римма Волосенко — Йомна Айад (Египет)

4-жұп. 60 келі. В рингі. Виктория Графеева — Ребека де Лима Сантос (Бразилия)

6-жұп. 65 келі. В рингі. Лаура Есенкелді — Андра Кринута Себе (Румыния)

8-жұп. 70 келі. А рингі. Бақыт Сейдіш — Вивиана Дос Сантос Перейра (Бразилия)

8-жұп. 70 келі. В рингі. Мәдина Нұршаева- Шантель Рид (Ұлыбритания)

9-жұп. 75 келі. А рингі.Валентина Хальзова — Амалия Нита (Румыния)

9-жұп. 75 келі. В рингі.Мария Сидоренко- Наоми Грэм (АҚШ)

11-жұп. +80 келі. А рингі. Валерия Аксенова- Собирахон Шахобиддинова (Өзбекстан)

12-жұп. +80 келі. А рингі. Дина Исламбекова — Хавванур Кезуда (Жапония).

Халықаралық турнир барысында Қазақстан уақытымен күндізгі сессия 17:00-де басталса, кешкі сессия 21:00-де өтеді. Биыл «Странджа кубогы» 77 мәрте ұйымдастырылып жатыр. Бұл жарыс Еуропадағы тарихы терең, беделді халықаралық турнирлердің бірі болып саналады.