Жәнібек Әлімханұлы жиырма нокауты бар боксшымен жекпе-жек өткізуге келісті

339
Орта салмақтағы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) мен бразилиялық Эскива Фалькао (29-0, 20 КО) өздерінің Twitter парақшаларында WBO тұжырымы бойынша бос тұрған әлем чемпионы титулын сарапқа салуға келісті,- деп хабарлайды  Opennews.kz ақпарат агенттігі Prosports.kz сайтына сілтеме жасап.

Деметриус Андраде Жәнібекпен жекпе-жекке шықпай, супер орта салмаққа өтуді қалайды деген хабардан кейін Фалькао
Әлімханұлын рингке шақырды. Алғашында Әлімханұлы былай деп жауап берді: «Бауырым, сені нокаутқа түсіретінімді білесің. Жекпе-жектің не қажеті бар?».

Алайда, әрі қарай хат алмасу барысында боксшылар бір-бірімен келісті:

Фалькао: Осы жекпе-жекке шығайық, мен сенімен жұдырықтасқым келеді. Біз бір [промоушн] компанияданбыз. Мен мықты екенімді дәлелдеймін».

Әлімханұлы: «Мен дайынмын!

Айта кетейік, Фалькао мен Әлімханұлының Top Rank промоушнының өкілі.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.