Боксшы Римма Волосенко лицензиялық турнирді сәтті бастады

2 528

Фото: OLYMPIC.KZТаиландының Бангкок қаласында өтетін бокстан Олимпиадаға іріктеу турнирінде 27 мамырда Римма Волосенко (60 келі) қарсыласын жеңді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Қазақстандық боксшы алғашқы жекпе-жегінде Фелиситас Мария Ганглбайер (Германия) шаршы алаңға шықты. 


Кездесу барысында қос боксшы тартысты бәсеке өткізді. Нәтижесінде Римма жеңімпаз болып танылды.


Айта кетсек, қазірге дейін ел құрамасынан 25 мамырда Назым Қызайбай (50 келі) Николь Дурикованы жеңіп, жарыстың келесі сатысына шықты.


Ал Валентина Хальзова (75 келі) бүгін, түстен кейін рингке шығады.


Сондай-ақ, әйелдер құрамасында енді Ұлжан Сәрсенбек (54 келі), Наталья Богданова (66 келі) сынға түседі.


Ерлер құрамасынан Мұхамедсабыр Базарбайұлы (63.5 келі) 1/32 финалда филиппиндік Кристиан Питт Лорентті қапы қалдырды.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.