"Елімай" футбол клубы Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы ойыншысын сатып алды

2 524

Фото: sports.kzСемейлік "Елімай" футбол клубы Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы ойыншысы Роман Мұртазаевты команда сапына қосты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 

"Елімай" клубының Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды. 

30 жасар қазақстандық шабуылшы Қарағанды футбол мектебінің түлегі. Роман кәсіби футболшы мансабында "Шахтер", "Ертіс", "Астана", "Тобыл" және ресейлік "Балтика" клубтарында доп тепті. Сонымен қатар, шабуылшы Қазақстанның үш дүркін чемпионы. Ұлттық құрама сапында 25 ойын өткізіп, 3 гол соққан. Роман Мұртазаев "Елімай" футбол клубына қарағандылық "Шахтердан" ауысып келді. 

Айта кетейік, Роман бастаған "Шахтер" футбол клубы Қазақстан Премьер лигасының өткен маусымында 29 ұпай жинап, 10-орынға табан тіреген еді.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.