Көшпелілер ойынында Қазақстандық спортшылар 8 медаль иеленді

392
Қазақстандық спортшылар IVДүниежүзілік көшпелілер ойынында 8 медаль жеңіп алды. Ұлттық құрама 3 алтын, 3 күміс және 2 қоланы еншіледі, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі

Түркияның Изник қаласында өткен турнирінде қазақстандық спортшылар қазақ күресінен дес бермеді. Бірінші жоғары сынама медалінің иегері Марат Нығматуллаев болды. Ол моңғол палуанын  екі минутта жеңді. Зарина Сарипованың 65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үздік атанды.  Еламан Қойшыбаев пен Рауза Нұрмұхаметова күміс жүлдесін иеленді.

Мақсат Исағабылов пен Мөлдір Азамат қола медаль жеңді. Басқа спорт түрлеріне келетін болсақ, Қасымхан Қанат дәстүрлі садақ атудан финалда небәрі 2 ұпай айырмашылығымен түрік Оғыз Окшадан жеңіліп қалды.

Күміс жүлдесін жамбы атудан Ералхан Айкөз жеңіп алды.

Турнирдің соңғы кезеңінде қазақстандық көкпаршылар Қырғызстанның мықты ойыншыларын 4:3 есебімен жеңді. Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев өзінің Facebook парақшасында спортшыларымыздың жетістіктерін атап өтіп, оларды құттықтады.