Жас теннисші Әмір Омарханов «Ролан Гарростың» екінші айналымына шықты

2 531

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: ҚТФҚазақстандық, 17 жастағы Әмір Омарханов жұптық сында жасөспірімдер арасында Ролан Гаррос турнирінің екінші айналымына шықты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Ә.Омарханов ресейлік Тимофей Дерепаскомен бірге бастапқы кездесуін франциялықтар Антуан Фато – Даниэль Жадемен өткізді.


Бір сағаттан астам уақытқа созылған матчта қазақстандық-ресейлік дуэт 7:6 (7:5), 6:2 есебімен жеңіске жетті.


Ә.Омарханов – Т.Дерепаско ширек финалға өту үшін жарыстың 5-ракеткалары, франциялық Чарли Камю – аустралиялық Хайден Джонспен таласады.


Жекелей сында Әмір Омарханов алғашқы айналымда испаниялық Рафаэль Ходарға жол берді – 2:6, 2:6.


Бүгін Ролан Гаррос кортында Соня Жиенбаева – Асылжан Арыстанбеков доданың 5-ракеткалары, аустралиялық Эмерсон Джонс – Виттория Паганеттимен кездеседі.


Ересектер арасында Қазақстаннан жалғыз қалған Елена Рыбакина мен италиялық Ясмине Паолинидің ширек финалдық матчы 5 маусымға белгіленген.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.