Италиядағы қазақ қызы дзюдодан ел чемпионы атанды

395

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Дзюдодан Атырауда өтіп жатқан Қазақстан біріншілігінде Италияда өткен сұлулық байқауының жеңімпазы, астаналық Әйгерім Әбілқадырова жеңімпаз атанды,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 

Әйгерім 52 келі салмақта топ жарды. Ол финалда Ақмола облысының өкілі Толғанай Әбеуовадан басым түскен. Бұл – Әйгерім Әбілқадырованың Қазақстан чемпионатында жеңіп алған 12-алтыны.

Дзюдошы қыздың сұлулық әлеміндегі жетістіктері де аз емес. Ол биыл Италияда өткен «Miss Europe Continental-2022» байқауында жеңіске жеткен болатын. Сондай-ақ, Әйгерім Әбілқадырова –  грепплингтен әйелдер арасында Қазақстаннан шыққан тұңғыш әрі жалғыз әлем чемпионы.


Осыдан екі жыл бұрын жарақат алып, үлкен спорттан алыстаған дзюдошы татамиге ірі жеңіспен оралып отыр.
Айта кетелік, 52 келі салмақ дәрежесіндегі қола медальды маңғыстаулық Гүлдана Алмұханбетова еншіледі.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.