Қазақстандық балуан екі дүркін Азия чемпионы атанды

2 543

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Olympic.kzКүрес түрлерінен Иордания астанасы Амманда өтіп жатқан 17 және 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан балуандары жоғары нәтиже тіркеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Грек-рим күресінен 60 келі салмақта белдескен Шәміл Досбол екі дүркін Азия чемпионы атанды. 17 жасқа дейінгі спортшылар арасында белдескен ол турнир барысынды Қытай мен Үндістан балуандарын жеңіп, финалда өзбек балуанымен тең түсті. Алайда, соңғы нәтижелі әдісті жасағандықтан, жеңіс қазақ спортшысына берілді. 


Одан бөлек, 92 келідегі Әділет Тойшы күміс медаль иеленсе, Нұрдәулет Құмарұлы (45 келі) мен Едіге Төлеутаев (51 келі) қолаға қол жеткізді.


Алмат Кебіспаев жаттықтыратын грек-рим күресінен U-17 құрамасы жалпыкомандалық есепте 3-орын иеленді. 


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.