Бокстан жастар арасындағы әлем кубогында Қазақстан құрамасы 27 жүлде жеңіп алды

2 583

Фото: proSport.kzБокстан Черногорияның Будва қаласында жастар арасындағы әлем кубогында Қазақстан құрамасы рекорд орнатты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Әлем кубогында Қазақстан жастар құрамасы 27 медаль жеңіп алды. Бұл жарыста Нығман Нығмет (57 кг), Жасұлан Бердалы (75 кг), Регина Тибенева (57 кг) және Ақбота Есімбекова (66 кг) жеңімпаз атанды.  Қазақстан құрамасы Будвадағы бәсекеде 11 күміс жүлде жеңіп алды. Олар: Алдияр Бахадур (54 кг), Игорь Соловьев (75 кг), Санжар Сейтқамит (92 кг), Бексұлтан Қайратұлы (92+ кг), Рахмина Абдумежитова (52 кг), Ақнұр Тұрсынғали (57 кг), Алина Құдайгенова (63 кг), Айсұлу Мұхит (66 кг), Мария Сидоренко (70 кг), Зарина Толыбай (75 кг), Сабина Жақсылық (81+ кг).  

Ал қола жүлде иегерлері: Нұрхан Құмарбеков (48 кг), Бексұлтан Хұжамжар (48 кг), Айдос Үсенов (51 кг), Әли Мұрат (54 кг), Бауыржан Мұратов (57 кг), Ердәулет Саит (60 кг), Әлихан Әскер (63,5 кг), Мұхит Нұрқабылұлы (63,5 кг), Сұлтан Тұрдәлі (67 кг), Бекарыс Нұрмұхан (71 кг), Бейбарыс Әшірбай (71 кг), Толғанай Қасымхан (60 кг).


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.