Қазақстандық “классик“ балуан әлемдік рейтинг көшін бастады

2 671

Фото:  UWWГрек-рим күресінің шебері Ержет Жарылқасын Біріккен күресі әлемінің (UWW) жаңартылған әлемдік рейтингінде бірінші орынға көтерілді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Ержет Тирана (Албания) қаласында олимпиадаға кірмейтін салмақ дәрежелері бойынша өткен әлем біріншілігінде сәтті өнер көрсеткеннен кейін тізімде жоғары көтеріліп, көшбасшы болды.

Чемпионатта Ержет 63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалға шығып, әзербайжандық Нихат Маммадалиға есе жіберген еді. Дейтұрғанмен Ержет Жарылқасынның қоржынында 47 000 ұпай бар. Маммадали 45 000 ұпаймен екінші орынға орналасса, үшінші орынға 31 000 ұпаймен армян Карен Асланян табан тіреді.

Тиранадағы әлем чемпионатынан кейін Жәмила Бақбергенова өз салмағында 4-орыннан 2-орынға көтерілген еді. 


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.