Сыр спортшы Еуропа кубогінің иемденді

208
Сырдариялық спортшы Еуропа кубогінің иегері атанды,- деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.

 Бүгін Сырдария ауданы спорт саласының дамуына елеулі үлес қосып жүрген, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Еуропа, Азия чемпионы Бостандықов Бексұлтан Хасенұлы Францияның Канн қаласында өткен тоғызқұмалақтан ашық Еуропа кубогінің иегері атанып келді. Спортшы аудан абыройын асқақтатып, көк туымызды Европада желбіретті.

Сонымен қатар, жақында Қызылорда қаласында өткен мемлекет және қоғам қайраткері Нәлқожа Ергешбаевты еске алуға арналған халықаралық турнирде жүлделі 2 орынды жеңіп алған болатын. 
Спортшының жетістігімен құттықтау үшін аудан әкімінің міндетін атқарушы Берік Сәрменбаев спортшымызды қабылдап, сый-құрмет көрсетті.


«Ауданның ғана емес, облыс және республикамыздың мерейін асқақтатып, Еуропа жерінде мемлекеттік гимнімізді шырқатып, көк туымызды желбіреттіңіз. Алдағы уақытта чемпиондық биіктен түспей, әрдайым аудан атын биіктерден көрсетіп, жас спортшылардан да чемпиондар тәрбиелейтініңізге сенім білідіреміз», -деді аудан әкімінің міндетін атқарушы Берік Сәрменбаев.


Қабылдау барысында аудандық ардагер кеңесінің төрағасы, ауданның «Құрметті азаматы» М.Келдібаев чемпионға ізгі тілегін білдіріп, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.


 


 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.