Боксшы Қамшыбек Қоңқабаев WBA Gold белбеуінің иегері атанды

236

Қамшыбек Қоңқабаев Алматы қаласында өткен бокс кешінде WBA Gold белбеуін иеленді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

Қоңқабаев (3-0, 3 КО) пен Стивен Уорд (13-1, 4 КО) арасындағы кездесу бокс кешінің басты жекпе-жегі болды. Боксшылар WBA Gold нұсқасы бойынша белбеуді сарапқа салды. 

Кездесу басында қос боксшы да белсенділіктерін танытпады. Тек бесінші раундта отандасымыз жойқын соққылары арқылы Уордты ринг ортасынан ығыстыруға тырысты. 

Жетінші раунда Стивен Уордтың қабағы жарылып, жекпе-жекті тоқтатуға тура келді. Нәтижесінде төрешілер шешімі бойынша Қоңқабаев жеңіске жетті. 


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.