Әлем чемпионаты: Қазақ күресінен ел спортшылары 5 «алтын» жеңіп алды

386
Астанада өтіп жатқан қазақ күресінен әлем чемпионатының екінші күні қазақстандық палуандар бес алтын және бір күміс медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі «Qazaq kuresi» қауымдастығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жеңімпаздар алты салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Олардың арасында жеңіс тұғыранан көрінгендердің төртеуі – ерлер болса, екі медальді қоржынға әйелдер құрамасының өкілдері салды.

Сайыстың екінші күні Бекхан Төлепов (55 кг), Нұр Аманшұқыров (66 кг), Жұмажан Қожамбеков (74 кг), Рауза Нұрмахаметова (55 кг) мен Зарина Зарипова (65 кг) тұғырдың жоғары сатысына көтерілді. Ал 60 келі салмақ дәрежесінде боз кілемге шыққан қазақстандық палуан Марат Нығматулаев күміс медаль еншіледі.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.