Қазақстан жастар құрама командасының фуболшылары өзгерді

465
Қазақстан құрамасы 6 маусымда Даниямен, 10 маусымда Түркиямен кездеседі, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Құрама сапында өзгеріс болды. Қорғаушы Дінмұхаммед Қашкен келесі кездесулерде алаңға шықпайды. Оның орнына испаниялық «Гранаданың» қорғаушысы Асқар Сатышев шақырылды.

Бірінші лигада өнер көрсететін ойыншылар кейінірек жастар құрамасына қосылады. Олардың қатарында «Қайрат-Жастар» командасының қақпашысы Темірлан Анарбеков, «Қайсардың» қорғаушысы Әділбек Жұмаханов және қосалқы тізімнен шақырту алған, осы маусымда «Оқжетпесте» өнер көрсететін Мейрамбек Қалмырза бар.

Сонымен қатар, жастар құрамасына «Қайрат-Мәскеу» командасының ойыншысы Александр Широбоков келеді. 

30 мамырдан бастап 21 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Талғарда жаттығу жұмыстарын өткізіп, одан әрі Данияға аттанады.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.