«Қайрат» байыды: Чемпиондар лигасынан түскен табыс белгілі болды

2 512

фото:© «Қайрат» ФККоманда бұл кезеңге іріктеудің төрт сатысынан өтіп, жолдама алған,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі.

Алматылық «Қайрат» 2025/26 жылғы маусымда клуб тарихында алғаш рет УЕФА Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде өнер көрсеткен. Команда бұл кезеңге іріктеудің төрт сатысынан өтіп, жолдама алған. Тарихи нәтижесі үшін клуб УЕФА-дан қомақты қаржылай сыйақыға ие болған. 

Негізгі кезеңге шыққаны үшін «Қайратқа» 18,62 миллион еуро, яғни шамамен 11,2 млрд теңге төленген. «Пафоспен» өз алаңындағы 0:0 есебі үшін 700 мың еуро сыйақы алған.    Сондай-ақ клубқа трансляциялық құқықтар, рейтингтік коэффициент және еурокубоктардағы соңғы он жылдағы көрсеткіштеріне байланысты төлемдер қарастырылған. Осы негізгі түсімдерге телехабар тарату, маркетинг, билет пен клуб атрибутикасын сатудан түскен қаражат қосылған. Нәтижесінде «Қайраттың» Чемпиондар лигасындағы жалпы табысы 35 миллион долларға жуықтаған.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.