Геннадий Головкин келесі жекпе-жегін Жапонияда өткізбек

655
Әлемдік бокс аренасында еліміздің атын шығарып жүрген кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин Риота Муратамен жекпе-жек өткізу үшін Жапонияға ұшып келді, - деп хабарлайды Opennews.kzақпарат агенттігі.

Ол өзінің Instagram парақшасында «Жақында кездескенше, Жапония!» деп қысқа хабарламамен кеткен сәтінен суретін жариялады.


Головкин - Мурата жекпе-жегі 9 сәуірде Сайтамада (Жапония) өтеді. Орта салмақтағы WBA Super, IBF және IBO титулдары үшін жұдырықтасады.

Бұған дейін спортшы жаттығу кезіндегі видеолар мен фотоларды белсенді түрде жариялаған.

"Гена нағыз чемпион және патриот;Туымыз өзгелерден биік болсын, ағайын; Біз сенімен мақтанамыз;Мен оның жетістікке жететініне сенемін", - дейді боксшының комментаторлары.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.