Сенсация:“Барыс” ҚХЛ көшбасшыларын сан соқтырды

2 523

Фото:Barys_officialҚұрлықтық хоккей лигасының кезекті турынды астаналық "Барыс" клубы күтпеген сенсация жасады. “Барыс” өз айдынында ҚХЛ-дың көшбасшы командасы "Авангардпен" өткен ойында жерлестеріміз 6:2 есебімен айқын жеңіске жетті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.



Матчтың алғашқы минуттарынан-ақ "Барыс" ойын тізгінін қолына алып, шабуылды үдете түсті. Алдымен Райли Уолш есеп ашса, артынан Мэйсон Морелли қарсылас қақпасын саңылау тауып, есепті 2:0-ге жеткізді.


Екінші кезеңде қонақтар сәл ширап, екі шайба соғып, таразы басын теңестіріп үлгерді. Алайда шешуші үшінші кезеңде алаң иелері қарқынын үдете түсіп, төрт бірдей шайба соқты. Майкл Веккьоне, Әділ Бекетаев, Всеволод Логвин және Дінмұхамед Қайыржан мергендік танытып, "Барысқа" маңызды жеңіс сыйлады.


Бұл нәтиже турнир кестесіне де өзгеріс енгізді. 16 ұпай жинаған “Барыс” жетінші орынға көтерілсе, "Авангард" 22 ұпаймен екінші орынға сырғыды.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.