WBA Головкинге ультиматум қойды
308
Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBA) қазақстандық боксшы Геннадий Головкинді қатардағы чемпион Эрисланда Ларамен кездесуге міндеттеді. GGG осы тұжырым бойынша орта салмақтағы суперчемпион атағына ие, деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Sports.kz. сайтына сілтеме жасап.
WBA-дың талабына сәйкес, Головкин Альвареске қарсы жекпе-жектен кейін орта салмақтағы WBA Regular белбеуінің иегерімен кездесуі шарт. GGG Канелоны жеңсе, бес күннің ішінде шешім қабылдауға міндетті. Дайындыққа төрт ай беріледі. Осы уақыттың ішінде Головкин Эрисланда Лараға жұдырықтасып, WBA Super атағын қорғауы тиіс.
Қазақстандық боксшы алдағы жекпе-жекте ұтылса да, орта салмақтағы чемпиондық белбеуін қорғай алады. Себебі Альвареске қарсы жекпе-жеке екінші орта салмақта өтеді. Ал Головкин WBA белбеуінен бас тартқан жағдайда Лара автоматты түрде суперчемпин атанады.
Айта кетері, 17 қыркүйекте WBA Super, IBF пен IBO бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин Сауль "Канело" Альвареске қарсы үшінші жекпе-жегін өткізеді. Бокс кеші АҚШ-тың Лас-Вегас қаласындағы T-Mobile аренасында өтеді.
Билет бағасы қандай?
Маусымда Головкин – Альварес жекпе-жегіне билет сатыла бастады. Трилогияның ең арзан билеті 305 доллар тұрады, ол, шамамен, 137 000 теңгені құрайды. Бірінші жекпе-жекте 27 миллион долларға (бокс тарихындағы үшінші), ал екіншісінде 23 миллион долларға билет сатылды.
Боксшылардың бұған дейінгі екі жекпе-жегі де T-Mobile Arena-да өтті, төрешілердің шешімімен 2017 жылғы алғашқы жекпе-жек тең аяқталса, бір жылдан кейін Альварес жеңіске жетті.