Қазақстан құрамасы Өзбекстанды 8:1 есебімен жеңді

241
Түркияның Изник қаласында өтіп жатқан IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында бірінші жарыс күні аяқталды. Көкпардан Қазақстан құрамасы Өзбекстан құрамасын 8:1 есебімен ұтып, келесі кезеңге өтті, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі

Көкпардан Қазақстан құрамасының қоржынына нәтижелі "салым" түсті. Оның ішінде Құрманбек Тұрғанбек үш рет, Абылайхан Нышанбеков, Арман Жамалбеков, Ынтымақ Әліпбаев, Ислам Рат және Айнабек Бердіқұл бір-бірден салды.

Қазақ көкпаршылары арасындағы келесі текетірес Моңғолия өкілдерімен өтеді.

Дәстүрлі садақ атудан Қасымхан Қанат, Әли Сессигүзел және Азамат Нұртаев жартылай финалға шықты. Әйелдер арасындағы үздік 16 мергеннің қатарына Айым Тілепберген мен Аяулым Аппазова кірді.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.