Дзюдошылар командалық сында Азия чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды
Қытайдың Гонконг қаласында өтіп жатқан дзюдодан Азия чемпионатында Қазақстан татами шеберлері аралас командалық сында қола жүлдеге қол жеткізді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Атап айтсақ, отандастарымыз ширек финалында Үндістанды 4:0 есебімен жеңді. Ал жартылай финалда Қазақстан татами шеберлері жапондық қарсыластарына есе жіберді.
Ал қола медаль үшін таласта Қазақстандық қыз-жігіттер Түрікменстанды 4:2 есебімен жеңіп, қола жүлдегер атанды.
Айта кетсек, осыған дейін жекелей сында Ғалия Тынбаева, Есмигүл Құйылова, Жанарыс Рахметқали қола жүлдегер атанған болатын.
Ал Абиба Әбужақынова, Нұрқанат Серікбаев, Ғұсман Қырғызбаев, Абылайхан Жұбаназар турнирді бесінші орынмен аяқтады.
Естеріңізге сала кетсек, Азия чемпионатының жеңімпаздарына рейтингте 700, күміс жүлдегер 490 ұпай берілсе, үздік үшінші орындарға қол жеткізген дзюдошыларға 350 балл қосылды.
Сонымен қатар қола жүлде жолында жеңілген 2 дзюдошы 250 ұпайға қол жеткізді.