Қазақ балуаны UWW таңдауымен қазан айының үздік спортшысы атанды

2 507

Бүкіләлемдік күрес ұйымы (United World Wrestling - грек-рим күресі, еркін күрес және әйелдер күресінің халықаралық федерациясы) қазан айының қорытындысы бойынша үздік балуандарды анықтады,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 


Ерлер арасында қазақ балуаны Сұлтан Әсетұлы грек-рим күресінен айдың үздік спортшысы атанды. Ол жуырда ғана Тиранада (Албания) өткен 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем чемпионатында 67 килоға дейінгі салмақта чемпион болды. 


Сұлтан Әсетұлы бұл санатта əлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ балуаны.


Әйелдер арасында америкалық Эмит Элор айдың үздік балуаны болды. Ол да жастар арасындағы әлем чемпионатында 72 килоға дейінгі салмақта топ жарған. 


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.