«Челси» Дастан Сәтбаевтың «Бернли» сапында ойнауына рұқсат бермеген

2 517

Фото: instagram.com/burnleyofficial/Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтбаев Англия Чемпионшипіндегі «Бернли» мен «Чарльтон» арасындағы матчқа қатыcпады. Оған футболшының құқығын иеленетін лондондық «Челси» клубы рұқсат бермеген, - деп хабарлайды Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

«Никки Хайен жаңа ғана «Челсидің» Дастан Сәтбаевқа бүгін кешке ойнауға рұқсат бермегенін айтты. Сондай-ақ Зеки Амдуни тобығындағы жарақатына байланысты 4–6 аптаға қатардан шықты. Бір қиындықтың артынан екіншісі келді», – деп жазды журналист.

Алайда «Челси» қазақстандық футболшыға не себепті ойнауға рұқсат бермегені әзірге белгісіз.

«Бернли» соңғы минутта жеңісті жіберіп алды

«Бернли» мен «Чарльтон Атлетик» арасындағы кездесу 2:2 есебімен аяқталды. Алаң иелері ойынның 96-минутында гол жіберіп алып, жеңісті уысынан шығарып алды.

Дегенмен бір ұпай еншілеген команда Чемпионшиптің турнирлік кестесінде төменгі үштіктен шығып, 21-орынға көтерілді.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.