Парижде 10 күннен кейін басталатын Жазғы Паралимпиадаға Қазақстаннан қанша спортшы қатысады

2 543

Фото: Sports.kz2023 жылы спорт және дене шынықтырумен айналысатын ерекше қажеттіліктері бар адамдар саны 56 822-ні құрады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Бұл туралы бүгін ҚР Туризм және спорт министрлігініңбаспасөз қызметінен мәлім болды.


Министрлік таратқан деректерге қарағанда, 10 күннен кейін Парижде XVII Жазғы Паралимпиада басталады. Бұл жолы Қазақстан құрамасы рекордтық жолдамаға ие болды.


«Біздің құрама спорттың 9 түрінен (паражүзу, пара пауэрлифтинг, пара жеңіл атлетика, пара каноэде есу, пара таэквондо, волейболды отырып ойнау – ерлер, пара ату,пара үстел теннисі, пара дзюдо) 33 лицензия иеленді. Жалпы 44 спортшы Парижге барады. Айта кету керек, каноэде есу (әйел), үстел теннисі және волейболды отырып ойнаудан алғаш рет лицензия жеңіп алдық»,-делінген хабарламада.


Сондай-ақ Астанада алдағы 8-13 қыркүйекте осы жылдың айтулы оқиғаларының бірі – Дүниежүзілік Көшпенділер ойындары өтеді. Дүбірлі додаға жалпы саны 100-ге жуық мемлекеттің делегациясы келеді. 2500 мыңнан астам спортшы бақ сынайды. Бүгінгі таңда 89 ел нақты қатысатынын ресми түрде растады. Көшпенділер ойындарында ұлттық спорттың 21 түрінен 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.