Головкиннің келесі қарсыластары кім?

521
Геннадий Головкин GGG чемпиондық белбеуін сақтап қалу үшін жекпе-жек өткізбек, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкинге (42-2-1, 37 КО) Халықаралық бокс федерациясы (IBF) 14 ақпанға дейін уақыт берді. Ол осы уақыт аралығында жекпе-жек өткізуі тиіс. Әйтпесе, GGG чемпиондық белбеуінен айырылады. Маңызды айқас алдында отандасымызға қарсылас болуы мүмкін боксшылар белгілі болды.

IBF рейтингінде екінші орында тұрған, WBA Oceania құрлықаралық белбеуінің иесі, аустралиялық Майкл Зерафа (30-4, 19 КО) қазақстандық боксшымен шаршы алаңда кездесуге дайын екенін жеткізді.

Ол GGG-дың алдында үш таңдау тұрғанын айтты. Біріншісі, WBA тұрақты чемпионы, кубалық Эрисланди Ларамен кездесу. Екіншісі, Фалькаомен IBF титулын қорғау. Үшінші әрі ең тиімді нұсқа – Зерафамен WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізу.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.