Бокс пен ауыр атлетика 2028 жылғы Олимпиада бағдарламасына енген жоқ

353
Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Томас Бах 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін жазғы ойындар бағдарламасына енетін спорт түрлерін жариялады. Олардың қатарында бокс, ауыр атлетика және қазіргі бессайыс жоқ деп,- хабарлайды Opennews.kz  ақпарат агенттігі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұған дейін ХОК президенті 2028 жылғы жазғы Олимпиадаға енетін 28 спорт түрін жариялаған болатын. Аталған тізімге үш спорт түрі енбей қалды. 

«ХОК атқарушы комитеті бокс, ауыр атлетика және қазіргі бессайыстың өтінішін қабылдау немесе кері қайтару туралы ойланатын болады. АІВА қаржылық ашықтық бойынша жұмыстың жақсарғанын көрсетуі тиіс. Сондай-ақ, төрешілерді тағайындауды дұрыс жолға қоюы керек. IWF допингпен күрес жөніндегі ұсыныстарды толық орындап, допингке қарсы бағдарламаның толық тәуелсіздігін дәлелдеуі тиіс. Ал UIPM атпен жарысуды алмастыратын жаңа бағдарламаны айындапы шығуы қажет», - деді Бах. 

Бокс, ауыр атлетика мен қазіргі бессайысты Олимпиада бағдарламасында сақтау мәселесі ХОК-тің 2023 жылғы сессиясында қаралады. 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.