Жәния Бекмұхамбетова Италиядағы турнирде топ жарды

2 659

Фото: ҰОКҚазақстандық Жәния Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италияда өткен турнирдің жеңімпазы атанды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Жәния Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италияның Линьяно қаласында өткен WTT Youth Contender Lignano 2024 халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды. Отандасымыз 11 жасқа дейінгі санатта сынға түсіп, қарсыластарынан басым түсті. 

Спортшы Лола Уриа (Испания), жарыс қожайындары Серена Россати және Эмили Кожакару, Джулия Фернандес (Испания), Бьянка Тома (Румыния) сынды қарсыластарын 3:0 есебімен, ал Аялгуу Эрденехуягты (Моңғолия) 3:2 есебімен жеңді.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.