Жәния Бекмұхамбетова Италиядағы турнирде топ жарды
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Қазақстандық Жәния Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италияда өткен турнирдің жеңімпазы атанды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Жәния Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италияның Линьяно қаласында өткен WTT Youth Contender Lignano 2024 халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды. Отандасымыз 11 жасқа дейінгі санатта сынға түсіп, қарсыластарынан басым түсті.
Спортшы Лола Уриа (Испания), жарыс қожайындары Серена Россати және Эмили Кожакару, Джулия Фернандес (Испания), Бьянка Тома (Румыния) сынды қарсыластарын 3:0 есебімен, ал Аялгуу Эрденехуягты (Моңғолия) 3:2 есебімен жеңді.
Қаз
Рус






