Қазақстан құрамасы футболдан 2022 жылы алғашқы жеңісіне жетті

497
Қазақстан құрамасы 2022 жылы өткізген алғашқы ойындарында футболдан жеңіске жетті,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

Түркияда Қазақстан құрамасы 2:1 есебімен жеңіске жеткен болатын.

Талғат Байсуфин жаттықтыратын құрама Андрей Карпович басқаратын Қазақстан премьер лигасындағы легионерлер құрамасына қарсы кездесу өткізкен. Алғашқы таймда ұлттық құрама бірден екі гол соққан. Ойынның бесінші минутында Асхат Тағыберген, жиырма бірінші минутында Оралхан Өміртаев гол авторлары атанды. 

Ал, екінші таймның алпысыншы минутында легионерлер Кирилл Сидоренконың көмегімен алғашқы голдарын соқты. 

Айта кететін жәйт, Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасына өту үшін 24 наурызда Молдоваға қарсы ойын өткізбек. Жеңімпаз С тобындағы орнын сақтап қалады, ал жеңілген құрама бір саты төмен деңгейде ойнайды.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.