Анна Данилина АҚШ-тағы жарыстың ширек финалына өтті

2 521

Фото: Қазақстан теннис федерациясыҚазақстанның жұптық сында бірінші, әлемнің 44-ракеткасы Анна Данилина Остин (АҚШ) WTA 250 турнирінің ширек финалына өтті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Жарыстың 2-ракеткалары болып тіркелген А.Данилина – қытайлық Шуай Чжан бастапқы кездесуін италиялық Луция Бронзетти – қытайлық Сиюй Ванмен сәтті өткізді.


Қазақстандық-қытайлық жұп бір сағатқа жетпейтін уақыт ішінде 6:3, 6:0 есебімен ойсырата ұтты. Олар 1 эйспен бірге 11 брейк-пойнттың алтауын құр жіберген жоқ. Бронзетти – Ван 1 брейкпен шектелді.


Анна Данилина – Шуай Чжан жартылай финалға шығу үшін аустралиялық Оливия Гадеки – ұлыбританиялық Оливия Николлспен таласады.


Оливия додасы 4 наурызда мәресіне жетеді.