Айша Сайран Азия теннис рейтингінде көш бастады

2 538

Фото: ҚТФҚазақстандық Айша Сайран 16 жасқа дейінгілер арасында Азия теннис федерациясының рейтингінде көш бастады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткендей, жаңартылған рейтингіде Айша Сайран 1 574 ұпаймен бірінші орынға көтерілді. 


Тағы бір қазақстандық Аделина Маманфина 1 497 ұпаймен екінші сатыда тұр. 


Сондай-ақ 14 жасқа дейінгілер арасында Tennis Europe рейтингісінде Родион Трайгель 27-орынға шықты.


Родион Малайзияда өткен Азия чемпионатында жартылай финалға дейін жеткен еді. Роберт Каминский – 42, Аңсар Ниетқалиев 69-сатыда келеді. 


Ахмади Мақанов бірден 74 сатыға жоғарылады, қазір ол 111-інші, Диас Төлепбергенов 116-орында (+44).


Қыздар арасында Руслана Русланова 80-сатыда. 


Жасөспірімдер арасында ITF рейтингісінде ТОП-100-де төрт бірдей қазақстандық теннисші бар. Әмір Омарханов – 13, Даниал Рахматуллаев – 68, Соня Жиенбаева – 30, Асылжан Арыстанбекова 41-орында келеді.


Оның бәрі де жасөспірімдер арасында Ролан Гаррос турниріне қатысудан үмітті.