Чемпиондар айқасы. Испания тағы да әлем чемпионы болды
Әлем біріншілігінің финалында Аргентинамен ойнаған Испания құрамасы футболдан 2026 жылғы әлем чемпионы атанған,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.
Кездесу барысында қарсыластар жылдам гол соғуға тырысқан. Алғашқы минуттан испаниялық құрама белсенділік танытқан. Аргентина қақпасы маңында жиі бой көрсетіп, қорғаушыларды көп әбігерге салған.
Екінші кезеңде испаниялық футболшылар қарқынын арттыра түскен. Осындай сәттің бірінде аргентиналық Энцо Фернандес қызыл қағаз алып, алаңнан қуылған.
Негізгі кезең 0:0 есебімен тең аяқталып, қосымша кезеңге ұласқан.
Қосымша кезеңнің 106-минутында испаниялық Ферран Торрес мергендік танытқан. Осылайша Испания құрамасы қарсыласынан 1:0 есебімен басым түсіп, 2026 жылғы әлем чемпионы атанған.
Испания H тобында екі жеңіс, бір тең ойынмен 7 ұпай жинаған. Олар Уругвайды 1:0, Сауд Арабиясын 4:0 есебімен жеңіп, Кабо-Вердемен 0:0 есебімен тең түскен. Одан кейін 1/16 финалда Аустрияны 3:0, 1/8 финалда Португалияны 1:0, 1/4 финалда Бельгияны 2:1 есебімен жеңген. Жартылай финалда Францияны 2:0 есебімен қапы қалдырған.
Аргентиналық футболшылар J тобында сынға түсіп, бірде-бір ұпайдан шашау шығарған жоқ. Олар Аустрияны 2:0, Алжирді 3:0, Иорданияны 3:1 есебімен тізе бүктіріп, өз тобында тоғыз ұпаймен бірінші орын алған. Одан кейін аргентиналық футболшылар Кабо-Вердені қосымша кезеңде 3:2, Египетті 3:2, 1/4 финалда Швейцарияны қосымша кезеңде 3:1 есебімен жеңген. Олар жартылай финалда Англияны 2:1 есебімен тізе бүктірген.
Аргентина 3 мәрте жеңіс тұғырына көтерілсе, Испанияның бір мәрте мерейі үстем болған. Жалпы қазірге дейін бар-жоғы сегіз құрама чемпиондық атаққа қол жеткізген.
Қазірге дейін барлығы 13 құрама финалда сынға түсті. Олардың арасынан Бразилия, Германия, Италия, Аргентина, Уругвай, Франция, Англия, Испания чемпион атанған.
Ал Нидерланд – 3, Чехословакия – 2, Венгрия – 2, Швеция мен Хорватия 1 мәрте финалға шыққанымен, күміс жүлдені қанағат тұтқан.
Айта кетсек, 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының үшінші орын үшін өткен матчында Англия құрамасы Францияны 6:4 есебімен жеңіп, турнирдің қола жүлдегері атанған.
Бір айдан астам уақытқа созылған дүбірлі додада осылайша мәресіне жетті. Биылғы біріншілік бұрынғы чемпиондардың жағалай финалға шыққандығымен ерекшеленіт болса керек,
Испания осымен екінші мәрте әлем чемпионатында жеңімпаз атанып отыр. Бұған дейін 2010 жылы чемпион болған еді.







