ДДСҰ "дельта" штамына байланысты туризмнен толықтай бас тартуға шақырды

319
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы осы жазда коронавирустың жаңа штамының таралуына байланысты туризмнің кез келген түрін тоқтату қажет деп санайды.

Ауру жұқтырудың алдын алу және бақылау еуропалық орталығы (ECDC) мен ДДСҰ адамдарды осы жазда саяхатқа шықпауға шақырды, өйткені дельта штамы бүкіл Еуропаға таралып, Еуропаны жаулап алып жатыр.


 ДДСҰ-ның хабарлауынша, осы жазда дельта штамы бар 28 елдің 19-ында осы нұсқа белең ала бастаған. Бұл мутация барлық Еуропа елдерінде кездеседі. 


ECDC директоры Андреа Аммон кез келген туризмнен аулақ болуға және коронавируспен үйде отырып күресуге шақырды.


 Осыған байланысты ДДСҰ Еуроодаққа бірқатар ұсыныстар берді, атап айтқанда, COVID-19-ға тегін тестілеудің қолжетімділігін арттыру, ауру тарату тізбегін үзу үшін науқаспен байланысқандарды қадағалауды күшейту.