Елордада семсерлесуден ашық турнир өтпек

2 309

23-28 қыркүйек күндері елордадағы «Аспан» спорт кешенінде семсерлесуден ашық турнир өтеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz"ақпарат агенттігі.


Семсерлесуден ашық турнир 23-28 қыркүйек елордадағы «Аспан» спорт кешенінде өтеді. Жарыста Астанадан бөлек, Алматы, Шымкент қалалары және Қарағанды, Жамбыл, Алматы облысы, ШҚО, СҚО және Абай облыстарынан спортшылар бақ сынайды.

«Спорттық бәсекенің бірегейлігін көрсету үшін медальдар, кубоктар мен марапаттар арнайы брендпен әзірленіп, дайындалып жатыр. Жарыс бағдарламасына шпага (сапы) түрінен ұлдар мен қыздар жарысы, рапира (найза) түрінен ұлдар мен қыздар жарысы, сабля (қылыш) түрінен ұлдар мен қыздар жарысы кіреді. Жарыс екі категорияда өтеді. Бірінші 2007-2012 жылы туған ұлдар мен қыздар. Екіншісі 2010 жылғы және одан жас ұлдар мен қыздар бәсекесі», - деді Астана қаласы әкімдігінің №9 балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебінің басшысы Айдын Тоқбаев коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.


Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталған іс-шараның мақсаты – семсерлесу спортын кеңінен насихаттау, оған жаңа спортшыларды тарту және дарынды жас семсерлесушілерді қолдау.


Сондай-ақ ашық турнир жас спортшылардың тәжірибе жинақтап, ширауына жол ашады.