ХІХ жазғы Азия ойындары 2023 жылғы 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында Қытайдың Ханчжоу қаласында өтеді

2 437

Қазақстан құрамасы Азия ойындарына 524 спортшы жіберді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.


Олардың 262-сі – ер, 262-сі – әйел адам. Қазақстан бұл жарысқа 30 спорт түрінен қатысады. Оның ішінде Олимпиада бағдарламасына кіретіні – 27, қалған үшеуі олимпиадалық емес спорт түрі.


Сары құрлықтағы 45 елдің 15 мыңнан астам өкілі 40 спорт түрінен 481 медаль жиынтығын сарапқа салады.


Ойындардың ашылу рәсімі 23 қыркүйекте Олимпиада спорт орталығы стадионында өтеді.


Сонымен қатар, алдағы додада спорттың 8 түрінен: бокс, садақ ату, қазіргі бессайыс, жүзу, брейкинг, көгалдағы хоккей, теннис пен жеңіл атлетикадан Париж Олимпиадасына лицензиялар ойнатылады.


Сондай-ақ спорттың 4 түрінен: таеквондо, дзюдо, триатлон, бадминтоннан рейтингтік ұпайлар сарапқа салынады.


Ойындардың ашылу рәсімі 23 қыркүйекте Олимпиада спорт орталығы стадионында өтеді.


Қазақстан 1994 жылдан бері Азия ойындарына сегізінші рет қатысады.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.