Мбаппе Алматыда ерекше жанкүйерімен кездесті

2 272

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: видеодан скриншот“Реал Мадридтің” жұлдыз ойыншысы Мбаппе Орталық стадионда ерекше жанкүйерімен кездесті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

“Қайрат” клубының басшысы Қайрат Боранбаев Реал Мадрид ойыншыларының Орталық стадиондағы жаттығуына Санжар есімді Мбаппенің кішкентай жанкүйерін шақырғанын мәлімдеді.

“Бүгін өзінің сүйікті командасын, әсіресе Килиан Мбаппені көруді көптен бері армандаған Санжарды Реал Мадрид жаттығуына шақырдым. Санжар өзінің кумирімен кездесіп қана қоймай, бүкіл командамен көрісті: ойыншылар оны жылы қарсы алып, суретке түсіп, қолтаңба берді”, – делінген жазбада.

Мбаппе Санжармен қол алысып, бірге суретке түсіп, қолтаңбасын берді. Видеодан Реалдың барлық ойыншылары мен бапкерлері де Санжарға келіп суретке түсіп, қолтаңба бергенін көруге болады.

 

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.