Магомед Адиев Қазақстан футбол құрамасы бас бапкері қызметінен кетті

2 555

©instagram.com/magomedadievФутболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев қызметінен кетті. Бұл жөнінде Қазақстан футбол федерациясы мәлім етті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов Футбол үйінде Қазақстан ұлттық құрамасының жаттықтырушылар штабымен кездесу өткізді.


«Бас бапкер Магомед Адиев мұндай шешімді отбасылық жағдайына байланысты қабылдағанын алға тартып, қызметінен кетті. ҚФФ мұндай бағытқа да дайын болды және келесі аптаның басында жаңа бапкерді таңдайды», — деп атап өтті федерациядан.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.