Жас теннисші алғашқы жеңісіне қол жеткізді

2 511
Фото: ҚТФ баспасөз қызметіҚазақстандық жас теннисші Заңғар Нұрланұлы Мысырдың Шарм-эль-Шейх қаласында өтіп жатқан ITF M15 турнирінде кәсіби аренадағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді,-деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

17 жастағы спортшы бірінші айналымда Беларусь өкілі Руслан Кацукевичті 7:5, 6:3 есебімен жеңді.Енді ол ширек финал жолдамасы үшін әлемнің 811-ракеткасы әрі турнирдің төртінші ракеткасы саналатын таиландтық Вишайя Тронгчароенчайкулмен кездеседі.

Айта кетейік, бұған дейін Заңғар тек жасөспірімдер арасындағы жарыстарға қатысып келген. Биыл ол жасөспірімдер арасындағы US Open додасында жекелей сында жартылай финалға дейін жетіп, жоғары нәтижесімен көзге түскен еді.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.